Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШТА 150-ДЕН АСТАМ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Сарыағаш ауданында мал шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы Тегісшіл ауылдық округінде орналасқан «Айша» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Аудан басшысы қожалықтың жұмысын жоғары бағалап, ауыл шаруашылығы саласын қолдау аясында аудан тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

«Айша» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын тиімді ұйымдастырып, аймақтың аграрлық әлеуетін арттыруға үлес қосуда. Аталған алаңның жалпы сыйымдылығы – 800 бас, қазіргі таңда 500 бас жылқы бордақылануда. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. Бордақылау алаңында мал азығы мен жем-шөп қоймасы, суару жүйелері мен ветеринарлық бақылау бөлмелері заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Қожалықта тұрақты 10 адам жұмыс істейді. Олардың міндетіне малды күтімге алу, азықтандыру, денсаулық жағдайын бақылау және өнім сапасын қамтамасыз ету кіреді. Сонымен қатар, маусымдық жұмыстар кезінде қосымша 20-ға дейін адам уақытша жұмысқа тартылады. Бордақылау процесі малдың өнімділігін арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде ауылдық жердегі ет өнімдері нарығын сапалы және тұрақты өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданында жалпы 154 мал бордақылау алаңы қызмет көрсетуде. Олар әр түрлі көлемдегі мал бордақылау жүйесімен жұмыс істеп, аудандағы мал шаруашылығының тұрақты дамуына және ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бордақылау алаңдары мал өнімділігін арттыру, ет өнімдерінің сапасын жоғарылату және экспорттық әлеуетті кеңейту бағытында маңызды рөл атқарады.

Аудан әкімдігінің қолдауымен ашылған әрбір жаңа бордақылау алаңы жергілікті аграрлық инфрақұрылымды нығайтып, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікті дамытуға серпін береді. Жоспар бойынша алдағы 2-3 жылда аудан аумағында қосымша 20 бордақылау алаңы іске қосылып, мал шаруашылығы саласындағы өндірістік қуат айтарлықтай артпақ.

Бордақылау алаңдарының жұмысы жергілікті экономикаға оң әсерін тигізіп, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және өңірдің аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Аудан әкімдігі аталған жобаларды тұрақты қадағалап, сапалы және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге күш салуда.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық оқушы әлемді мойындатты

Bastynews

300 мың теңге. Кімдердің кредиті кешірілді?

Bastynews

В начале церемонии дети, представляющие различные этнические группы Казахстана, внесли флаг нашей страны, был исполнен государственный гимн

bastynews