Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2025» АТАҒЫН БЕРУ КОНКУРСЫНЫҢ ІІ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №157 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидасына сәйкес, педагог мәртебесін арттыру және кәсіби тәжірибені тарату мақсатында ұйымдастырылған қалалық деңгейдегі бұл конкурс педагогикалық қауымдастық арасында маңызды академиялық платформаға айналып отыр.

Конкурстың басты мақсаты – білім беру жүйесінде еңбек етіп жүрген кәсіби мамандардың оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыруға қосқан үлесін тану, үздік педагогикалық практикаларды көпшілікке тарату және кәсіби рефлексияны дамыту арқылы мұғалімдердің мәртебесін институционалдық деңгейде көтеру болып табылады.

2025 жылғы конкурсқа қала аумағындағы меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 131 білікті педагог қатысып, өздерінің кәсіби құзыреттілігін, инновациялық әдіс-тәсілдерін және білім беру үдерісін басқару қабілеттерін көрсетті. Конкурстың барлық қатысушылары педагогикалық шеберлік, білім беру процесіндегі заманауи технологияларды қолдану, оқушы жетістіктерін дамыту және кәсіби этика критерийлері бойынша кешенді бағалаудан өтті.

Бағалау нәтижесінде, 80 және одан да жоғары балл жинаған келесі жеті педагог ІІІ республикалық кезеңге жолдама алды. Олар – оқу процесіне педагогикалық инноватика, тұлғаға бағытталған оқыту әдістемесі мен зерттеушілік тәсілдерді тиімді енгізіп жүрген білікті мамандар:

  1. Бекманова Меруерт Гаухаровна – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің арнайы пән оқытушысы.
  2. Валитова Лилия Маратовна – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің арнайы пән оқытушысы.
  3. Есенбекова Кулимкоз Ширнебаевна – №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі.
  4. Кумисбекова Кулайхан Аргынбаевна – №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
  5. Соловьева Алина Робертовна – А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі.
  6. Джапарова Марварид Абдыганиевна – Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің арнайы пән оқытушысы.
  7. Даулетбахова Гульнара Жарасовна – №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Аталған педагогтер білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді интеграциялау, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, цифрлық педагогика құралдарын меңгеру бағытында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.

Қалалық конкурс қорытындысы педагогикалық шеберлік пен кәсіби өсуге бағытталған ұлттық және халықаралық білім беру саясатының басым бағыттарын іске асырудың айқын көрінісі болып табылады. Бұл – білім сапасын арттыру жолындағы жүйелі ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі.

Қатысты жаңалықтар

ӘМІРЕ, ИСА ҮШЕУІ ЖАН АЯМАС ДОС БОЛЫПТЫ…

Bastynews

«Төреғалидің тоқалы» туралы не білеміз?

Bastynews

Мешіттер қашан ашылады?

Bastynews