Соңғы жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ЖАТАҚХАНА МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев студенттердің тұрмыстық жағдайы мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстармен танысу мақсатында университет жатақханасын және бірқатар шығармашылық үйірмелердің жұмысын аралап көрді.

Сапар барысында басқарма төрағасына жатақхана мен шығармашылық орталықтардың қызметі жайлы Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек пен Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Нұргерім Нұрлан мен «Мұра» ұлттық шығармашылық орталығының жетекшісі Марат Ерімбетов аталған бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен биыл енгізілген жаңашылдықтар туралы баяндады.

Бүгінде университетте студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген. Орын тапшылығы жоқ және қосымша орындарға қажеттілік туындамаған. Ағымдағы оқу жылының басында жатақханаға орналасу үшін 1348 студентке жолдама берілді. Оның ішінде бірінші курсқа қабылданған 755 студент жатақханаға жайғастырылып, барлық қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілді.

Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында университет жанынан әртүрлі бағыттағы шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылған. Қазіргі таңда білім алушылар үшін 15 түрлі үйірме жұмыс істейді. Атап айтқанда, эстрадалық ән айту, айтыс өнері, домбыра тарту, бейнелеу өнері, тігін және қолөнер, фотоөнер мен мобилография, сән сахнасы бойынша дефиле, вокал, жайдарман КТК, би, театр өнері, сондай-ақ ұлттық аспаптар жасауды үйрену секілді бағыттар бойынша үйірмелер студенттердің үлкен қызығушылығына ие болып отыр. Бұл үйірмелерге қатысқан студенттерге арнайы сертификаттар табысталатын болады.

Сонымен қатар, ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұрбайұлы жатақханадағы студенттерге арналған заманауи коворкинг орталығының жұмысымен және ата-аналарға арналған арнайы бөлменің жабдықталу жағдайымен танысты. Жатақханада білім алушылардың оқуына, демалуына және шығармашылықпен айналысуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Кездесу барысында Әлібек Нұртаев үйірмелер мен жастар ұйымдарының жұмыстарын жаңа оқу жылында университетке алғаш қабылданған студенттерге кеңінен насихаттап, оларды пайдалы істер мен өнерге тарту жұмыстарын күшейту жөнінде жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Жатақхана мен шығармашылық үйірмелерді аралау барысында университет басшылығы жастардың әлеуметтік, мәдени және шығармашылық бағыттағы әлеуетін дамытуға баса назар аударып отырғанын көрсетті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. Университет ұжымы студенттердің жан-жақты дамуына, олардың қабілетін ашуға және шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге барынша жағдай жасауға мүдделі.

Қатысты жаңалықтар

bastynews

ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ САЛАСЫНДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 15 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Bastynews

АРНАЙЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАЛҒАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Bastynews