Соңғы жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ДӘУІРІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ БІЛІМ: ZHANIBEKOV UNIVERSITY ЖӘНЕ COURSERA СЕРІКТЕСТІГІ АЯСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМДАР

Бүгінгі таңда білім беру жүйесі цифрлық трансформация мен технологиялық эволюцияның ықпалына толық бейімделіп келеді. Әсіресе мегаполис жағдайындағы жоғары оқу орындары үшін білім беру экожүйесінің интернационализациясы, цифрлық интеграция және білімнің ашықтығы негізгі басымдықтарға айналуда. Осы тұрғыда Zhanibekov University ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен жүзеге асып жатқан әлемдік онлайн білім платформаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету бағдарламасы аясында Coursera платформасының 700 пайдаланушыға арналған білім беру лицензиясын иеленді.

Coursera — жаһандық білім беру кеңістігінде жетекші орын алатын халықаралық Massive Open Online Courses (MOOC) платформасы. Бұл платформада әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері мен трансұлттық технологиялық корпорациялары — Stanford University, Yale University, Google, IBM, Meta және басқа да институционалдық білім провайдерлер ұсынған академиялық және кәсіби курстар жинақталған. Coursera ұсынатын контент жасанды интеллект, деректер ғылымы, бағдарламалау, кәсіпкерлік, бизнес-аналитика, жобаларды басқару, тіл үйрену, жаратылыстану ғылымдары және креативті индустриялар сияқты бағыттарды қамтиды. Мұндай кең ауқымды академиялық ресурстарға қол жеткізу Қазақстан жастары үшін жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белсенді болатын бұл бастама шеңберінде бірінші лек бойынша 700 студент Coursera курстарына тіркеліп, бүгінгі күнге дейін 1538 сертификат иеленді. Бұл – тек білім алудың емес, кәсіби даму мен өмір бойы оқыту (lifelong learning) мәдениетінің қалыптасып келе жатқанының айқын дәлелі. Қазіргі таңда екінші лек бойынша тіркелген студенттер өз оқуларын белсенді түрде жалғастыруда. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш бірнеше есеге артады деп күтілуде, бұл университеттің цифрлық білім беру стратегиясының тиімділігін дәлелдейді.

Сонымен қатар, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы үшін де цифрлық педагогика және онлайн курс әзірлеу бағытында кәсіби даму мүмкіндігі қарастырылған. 2025 жылдың сәуір айынан бастап Coursera платформасында арнайы әзірленген «Getting Started with Course Builder» курсы іске қосылды. Бұл курс оқытушыларға MOOC форматындағы курстарды жобалау, контент әзірлеу және платформамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге бағытталған. Қазіргі уақытта университеттің 30 оқытушысы аталған курсты сәтті аяқтап, халықаралық үлгідегі сертификаттар алды.

Цифрлық технологиялар мен білім беру арасындағы симбиоз қазіргі заманғы мегаполистердегі университеттер үшін жаңа мүмкіндіктердің кең ауқымын ашуда. Осы ретте Zhanibekov University мен Coursera арасындағы ынтымақтастық – жаһандық білім беру экожүйесіне интеграцияланудың, академиялық мобилділікті арттырудың және білім алушылардың цифрлық сауаттылығын жаңа деңгейге көтерудің нақты көрінісі.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨТКЕН «USTAZ CUP» ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ: ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС

bastynews

Қажымұқанның меценаты кім?

Bastynews

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Bastynews