Жаңалықтар

ZHANIBEKOV UNIVERSITY МЕН ICCCM АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылғы 5 қыркүйекте Zhanibekov University қабырғасында университеттің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков пен Малайзия халықаралық мәдени коммуникация орталығының (ICCCM) басқарушы директорының орынбасары Бенджамин Леонгтың ресми кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық және ғылыми-инновациялық саладағы халықаралық кооперацияны кеңейту мәселелерін талқылады. Бенджамин Леонг ICCCM-нің негізгі миссиясы — мәдениаралық диалогты ілгерілету, білім беру жүйелерінің өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету және жаһандық ғылыми интеграцияны дамыту екенін атап өтті. Оның айтуынша, ICCCM Қытай Халық Республикасының Білім министрлігімен тығыз стратегиялық әріптестік орнатқан және бүгінде Азия, Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен трансұлттық жобалар жүзеге асыруда.

ICCCM өкілі Қазақстанмен серіктестікке ерекше қызығушылық білдіріп, екіжақты ғылыми-зерттеу консорциумдарын қалыптастыру, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру, бірлескен тағылымдамалар ұйымдастыру, шетелдік профессорларды тарту және жазғы мектептер өткізу сынды бағыттарда ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, ICCCM тарапынан цифрлық трансформация, жасанды интеллект, мәдениетаралық коммуникация және инклюзивті білім беру салаларында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу ұсынылды.

Өз кезегінде, Zhanibekov University проректоры Ержан Керімбеков университеттің ғылыми әлеуетін, зерттеу инфрақұрылымын, сондай-ақ халықаралық жобалардағы тәжірибесін таныстырды. Университет инновациялық экожүйе қалыптастыруға, жоғары технологиялар трансферіне және кадрлар даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізуге басымдық беретіндігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар болашақта өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету, нақты бағыттар бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу және институционалдық әріптестік аясында бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру туралы уағдаласты. Бұл бастама Zhanibekov University-дің халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялануын жеделдетіп, ғылыми-инновациялық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашуы мүмкін.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 9693 БАЛА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

bastynews

Президент Казахстана провел встречу с акимом Туркестанской области Нуралханом Кушеровым

bastynews

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШУДІҢ ТИІМДІ ТҰСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Bastynews