Ақпарат

ҚАЛА ӘКІМІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалалық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестік төрағаларымен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді.
Жиынға Ақсақалдар алқасы, Ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл ақсақалдары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарда қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама тыңдалды. Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ Кентау қалалық филиалының басшысы Бахытжан Әшірбаев баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, өзара пікір алмасуға ұласты. Қала әкімі Жандос Тасов өз сөзінде:
«Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – ел тарихындағы маңызды белес. Бұл ұйым татулық пен келісімнің темірқазығына айналып, ел дамуында ерекше рөл атқарып келеді», – деді.
Жиын соңында бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН

bastynews

ТҮРКІСТАН: «Заң мен Тәртіп – ел тірегі» форумы өтті

bastynews

Досың қандай болса, сен де сондайсың

bastynews