Қоғам Мәдениет

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТІН ДАМЫТУ: БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды. Бұл курс педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, соның ішінде зерттеушілік бағыттағы дағдыларын дамытуға бағытталған.

Курс аясында бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін ұйымдастырудың заманауи әдістерімен танысты. Математика мен жаратылыстану пәндерін оқытудағы негізгі дағдылар: зерттеу жүргізу, сын тұрғысынан ойлау, дәлелдеу және проблеманы шешу стратегиялары жүйелі түрде қарастырылды.

Оқыту барысында қатысушылар оқушылардың зерттеу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру жолдарын, сабақ құрылымына интеграциялау әдістерін меңгерді. Тыңдаушылар практикалық тапсырмалар арқылы өз дағдыларын бекітіп, әріптестерімен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, оқушыларға зерттеушілік тапсырмаларды қалай ұсыну, зерттеу сұрағын нақтылау, гипотеза құру, дерек жинау, талдау жүргізу және қорытынды жасау кезеңдерін тиімді үйлестіру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Курс барысында мұғалімдер оқу процесіндегі жобалық әрекеттің маңыздылығын айқындай отырып, бастауыш мектеп деңгейінде оқушыларды ғылыми ізденіске тарту мүмкіндіктерін қарастырды. Әсіресе, пәндерге кіріктірілген зерттеушілік тапсырмалардың оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, олардың өзіндік ойлау қабілетін дамытудағы рөлі ерекше аталды.

Тыңдаушылар курсты қорытындылау кезеңінде өзара тәжірибе алмасып, нақты оқу тәжірибесіне енгізуге болатын әдіс-тәсілдерді талқылады. Жеке және топтық жұмыстар, ситуациялық тапсырмалар, модельдік сабақтар арқылы оқыту мазмұны тәжірибемен ұштастырылды. Кері байланыс жүйесі тиімді ұйымдастырылып, мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған ұсыныстар жинақталды.

Курс нәтижесінде қатысушылар зерттеушілік және жобалық іс-әрекетті білім беру процесіне тиімді енгізу бойынша тәжірибелік құзыреттілікке ие болды. Олар оқушыларды тек дайын біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды белсенді оқу үдерісіне тарту, өз бетімен ізденуге баулу және алған білімдерін қолдануға үйрету қажеттілігін нақты түсінді. Бастауыш білім – оқушының танымдық, тұлғалық дамуының негізі қаланатын кезең. Сондықтан осы деңгейде жұмыс істейтін педагогтердің біліктілігін үздіксіз арттыру – сапалы білім берудің басты шарты.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ШЕШІМІ – ЕЛ МҮДДЕСІ ҮШІН ҰТЫМДЫ

Bastynews

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ АДАЛ АЗАМАТТАР ҚҰРАДЫ

Bastynews

Құрметті Шымкент қаласының тұрығындары!

bastynews