Жаңалықтар Қоғам

ШЫМКЕНТТІК ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЛАР ЫСТАМБУЛ ГЕЛИШИМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕСМИ САПАРДА БОЛДЫ

Шымкент қаласының бір топ профессор-оқытушылар құрамы Түркияның Ыстамбул қаласында орналасқан Ыстамбул Гелишим университетіне ресми сапармен барды. Бұл сапар Шымкент қаласы ғалымдарының халықаралық әріптестік бағытындағы жүйелі жұмысының аясында жүзеге асты.

Стамбул Гелишим университеті (Istanbul Gelişim University) – Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан, 2008 жылы негізі қаланған жекеменшік жоғары оқу орны. Университет заманауи инфрақұрылымымен, сапалы білім беру бағдарламаларымен және халықаралық бағыттағы белсенді қызметімен ерекшеленеді.

Гелишим университеті 100-ден астам академиялық бағдарламаны қамтитын бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі білім береді. Университеттегі көптеген бағдарламалар Еуропалық аккредитациядан өткен, бұл – оқу сапасының халықаралық талаптарға сай екенін дәлелдейді.

Университетте инженерия, бизнес, әлеуметтік ғылымдар, өнер, спорт, денсаулық сақтау сияқты түрлі саладағы факультеттер жұмыс істейді. Халықаралық әріптестігі кең: 100-ден аса елдің университеттерімен академиялық байланыс орнатқан.

Шымкент қаласындағы ЖОО  мен Ыстамбул Гелишим университеті арасында 2024 жылдан бастап өзара ынтымақтастық орнаған. Осы уақыт ішінде екі жоғары оқу орны бірлескен жобаларды жүзеге асырып, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.

Сапар барысында делегацияны Спорт кафедрасының деканы, профессор, доктор Kubilay Çimen қарсы алып, факультеттің заманауи кампусымен таныстырды. Сонымен қатар, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің өкілдерімен бірге ресми кездесу өткізілді. Жиын барысында келесі мәселелер кеңінен талқыланды:
Халықаралық әріптестікті кеңейту жолдары, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын қолға алу, қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу, студенттер мен оқытушылар арасындағы академиялық ұтқырлықты арттыру, университеттер арасындағы ғылыми журналдарда бірлескен мақалалар жариялау.

Кездесу соңында профессор Kubilay Çimen Шымкент қаласының ғалымдарына 50 дана құнды кітапты сыйға тартты. Бұл сый – тек мәдени әрі ғылыми байланыстарды нығайту белгісі ғана емес, сонымен бірге білім мен достық көпірінің нақты көрінісі.

Осындай кездесулер екіжақты байланыстардың дамуына, студенттер мен оқытушылардың халықаралық тәжірибе алмасуына, сондай-ақ университеттің жаһандық білім кеңістігіндегі орнын одан әрі нығайтуға жол ашады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ ТАНЫМДЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ

bastynews

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ӨМІР СҮРУ ТӘСІЛІ

bastynews

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ДУБАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ LEGO ЖАРЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ!

bastynews