Жаңалықтар

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Шымкентте “Таза Қазақстан” жобасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. “Оңтүстік” Академиясының қызметкерлері еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараға атсалысты. Олар сенбілік барысында қаламыздың әр аумағын тазалап, қоқыстарды жинап, табиғаттың таза әрі көрікті болуына үлес қосты. Бұл шара азаматтардың экологияға деген жауапкершілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін нығайтуға бағытталған. Академия қызметкерлері қаламыздың келешек ұрпақ үшін таза әрі жайлы мекен болуына үлес қосуды басты міндет деп санайды.

Қатысты жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА 8000-НАН АСТАМ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Bastynews

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ УАҚЫТ БЕРДІ

Bastynews

ЦИФРЛЫ ҒАСЫРДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ: ҚАСИЕТ БАЙДУЛЛАҰЛЫ ӘЛЕМДІК БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕ

bastynews