Ақпарат Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер бүйректегі тасты отасыз емдеп жатыр

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері бүйрегін тас байлаған 39 жастағы әйелді аман алып қалды. Науқас ауруханаға өте ауыр халде түскен. Дәрігерлер «Compact Sigma» литотриптер аппаратының көмегімен науқастың бүйрегі мен несепағар жолдарындағы тастарды отасыз түсірді. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы жақсы және алдағы уақытта дәрігер нұсқаулығымен ем қабылдайтын болады.

Литотрипсия емдік шарасында медициналық құрылғының көмегімен қашықтық соққылық-толқын әдісі қолданылады. Уатылған тастар ағзадан несеппен шығарылады.

«Литотрипсия – бұл бүйректегі және несепағар жолдарындағы тасты уатып, отасыз емдейтін әдіс. Процедурада ешқандай ауырсыну болмайды және пациенттер ауруханада ұзақ жатпайды. Барлық науқастарға емдік шара МӘМС жүйесі есебінен тегін жүргізіледі, -дейді №1 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-урологы Сауранбек Альдеков.

Бір процедураның құны 60 мың теңге тұратын медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылады. «Compact Sigma» литотриптер аппаратының жөндеуден өтіп, қайта іске қосылғанына 1 ай болған. Дәрігерлер осы уақыт аралығында 60-қа жуық науқасқа ем көрсетіп үлгерген.

Қатысты жаңалықтар

«Балаларды сағындық» – Қарттар үйіндегі әжейдің сөзі сыйлық беруге келген жігіттерді жылатты (видео)

Bastynews

TASHENEV UNIVERSITY-ДЕ 100% АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН “BUSINESS ADMINISTRATION” БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

bastynews

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ФАБРИКА ЖЫЛЫНА 120 МЫҢҒА ЖУЫҚ АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕДІ

bastynews