Санатталмаған

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ПАРЫЗЫҢ!

AzatMedia. Түркістан облысы, Түлкібас ауданынан әскер қатарына шақырылған сарбаздар: Эралиев Мирвали Мусралиевич пен Недоведов Анатолий Александрович Қазақстан Республикасының «Десанттық шабуылдаушы әскерлер» қатарында Алматы қаласында орналасқан №61993 әскери бөлімімен Сары-өзек кентінде орналасқан №12740 әскери бөлімінде тиісінше жауынгерлік міндетін өтеген.

Мерзімді жауынгерлік қызметті бұл құрылымның қатарында атқару – сарбаздар үшін үлкен абырой, асқан жауапкершілік. Маңызды мемлекеттік нысандардың күзетін жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы әскери құрылым болып табылғандықтан, жеке құрам қатарына еліміздің түкпір-түкпірінен, әр облыстардан денсаулық жағдайы, мінез-құлқы, жеке қасиеттері тұрғысынан үздік деп танылған жастар таңдалып алынады. Жауынгерлер Эралиев Мирвали Мусралиевич пен Недоведов Анатолий Александрович осы қатардан табылғаны – оның туған өлкесінде: отбасында және мектебінде, оқу орны мен еңбек ұжымында алған білімі мен тәрбиесінің жемісі.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданынан қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы әскер қатарына шақырылған болатын. Олар әскери қызметінің бірінші күндерінен бастап, жауынгерлік өмірдің қыр-сырын үйренуге зор ынтамен кірісіп, Отанға деген жоғары патриоттық сезімімен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білді. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару кезінде олар белсенді, жауапты азамат ретінде танылған. Сөздері мен істері жарасқан еңбекқорлығымен қатар қарапайым мінез, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында командирлерінен үйренген білімдерін қызмет барысында дұрыс қолдана білу, жауынгерлік дайындық нормативтерін әрдайым ең үздік бағаларға орындап, өздеріне сеніп тапсырылған қарудың құрылымын, тактикалық-техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету тәртібін жетік меңгергендіктен атыс даярлығында үздік нәтижелер көрсеткен. Жауынгерлік кезекшілікте әрдайым қырағылық танытып, әскери міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін бірнеше рет марапатталған.

Эралиев Мирвали Мусралиевич пен Недоведов Анатолий Александровичтің өзіне жүктелген жауынгерлік міндеттерді абыроймен атқаруы болашақта мерзімді әскери қызметке шақырылуы тиіс жас ұрпақ өкілдерінің патриоттық сезімдерін оятып, абырой, міндет ұғымдарын санасына сіңіру үшін де үлгі-өнеге болары анық.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

🏠 Меншікті қорғау – әр азаматтың заңмен қорғалатын құқығы.

bastynews

Пікір қалдыру