Санатталмаған

ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

AzatMedia. Түркістан облысы, Ордабасы ауданында мұнайды терең өңдеу арқылы, мұнай-химия және көмірхимиялық комбинат өнімдері алынатын екі жоба жүзеге асырылады. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданға жұмыс сапары барысында Қазақстан бойынша осы бірегей жобалармен танысты.

«Standart Petroleum & Co» ЖШС жүзеге асырғалы отырған мұнай-химия комбинатын салу жобасына жалпы соммасы 95 млрд. теңге инвестиция тарту және 800-ден астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Жобаны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. Инвестициялық құны шамамен 11,15 млрд. теңгені құрайтын жобаның бірінші кезеңін іске асыру жұмыстары күзде басталады. Кәсіпорынның өнім шығару қуаттылығы жылына 1 млн. тоннаға дейін дайын өнімді құрайды. Жобаның дәл сонша қуаттылықта өнім шығаратын екінші кезеңін 2021 жылы іске асыру жоспарланған.

Айта кету керек, бұл Қазақстанда салынатын алғашқы мұнай-химия комбинаты болмақ. Яғни, мұнда АИ-92, АИ-95 маркалы бензинді өндіруден басқа, мұнайды терең өңдеу арқылы мұнай-химия өнімдері алынады.

Сондай-ақ, кәсіпорында қуаты сағатына 35 мВт электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр. Бұл өндіріс орнының өз қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа да шығаруға мүмкіндік береді. Сарапшылардың айтуынша, жобада мұнайды терең өңдеудің ерекше технологиялары қолданылады.

Мейіржан Мырзалиев сондай-ақ «Стандарт Ресурсис»ЖШС көмірхимиялық комбинатында болды. Аталмыш жоба аясында 1,5 млрд. теңге инвестиция салынып, 60 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Зауытта жыл сайын 30 мың тоннаға дейін тас көмірді қайта өңдеуге болады.

Жобаның бірегейлігі – Еуро 5 стандартты АИ-92 және АИ-95 маркалы пеш және мотор отынын өндіруге, түрлі майлар мен құрылыс саласына арналған материалдарды шығаруға мүмкіндік береді.

Комбинат осылайша дайын өнім шығаруды жолға қойған. Ал, жобаны ресми іске қосу ағымдағы жылдың маусым айына белгіленген. Аталған жобалардың негізгі мердігері-мұнай химиясы саласындағы нарық көшбасшыларының бірі болып табылатын ресейлік «ЭТН Циклон» компаниясы.

Айта кету керек, бұл жобалар кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында «Turkistan Invest» Экспорт және инвестиция тарту жөніндегі аймақтық агенттігі» ЖШС-ң қолдауымен жүзеге асырылуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

🔹 Шымкентте әкімшілік рақымшылықты жүзеге асыру қорытындылары шығарылды

bastynews

Түркістан облысында балаларға арналған «Қаржылық қауіпсіздік» квесті өтті

bastynews

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

bastynews

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ:ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

bastynews

В Туркестанской области стартуют выездные встречи с предпринимателями в рамках проекта «Мобильный фронт-офис»

bastynews

Түркістан облысында «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында кәсіпкерлермен көшпелі кездесулер басталады

bastynews

КУРЫЛТАЙ-2026: В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ПОДГОТОВКА ЧЛЕНОВ УЧАСТКОВЫХ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ КОМИССИЙ

bastynews

КУРЫЛТАЙ-2026: В ОТЫРАРСКОМ РАЙОНЕ ПОВЫШАЮТ ПРОФЕССИОНАЛЬНУЮ ПОДГОТОВКУ ЧЛЕНОВ УЧАСТКОВЫХ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ КОМИССИЙ

bastynews

КУРЫЛТАЙ-2026: В САРЫАГАШСКОМ РАЙОНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ПОДГОТОВКА ЧЛЕНОВ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ КОМИССИЙ ПО КАСКАДНОЙ СИСТЕМЕ ОБУЧЕНИЯ

bastynews

Пікір қалдыру