Ақпарат

АЭС салу тек энергетикалық қауіпсіздік емес, экологиялық қауіпсіздік

Елбасы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауы қызу талқылануда. Бұл жолдау әртүрлі мәселелерді қамтыған, соның ішінде маңыздылары – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі, сондай-ақ,  атом электр станциясын салу төңірегінде  туындап жатқан  қарама-қайшылықтар.  

 Энергетика саласының маманы Алмаз Әбильдаев Қазақстанда 2025 жылдан бастап энергия тапшылығы 1-гигаватт көлемін құраса, 2030 жылда оның мөлшері 9 гигаваттан асып кетуі мүмкін деген жорамалы негізінде дамыған елдердің  тәжірибесіне сүйене отырып елімізде  АЭС салу керек деп ұсыныс берген болатын.  

АЭС қажеттілігі келесідей  мағлұматтар негізінде айқындалады:

– Энергия тапшылығын жояды;

– Экологияны қорғау, жасыл экономиканы дамыту. Өкінішке қарай, еліміздегі жасыл энергетиканың үлесі өте аз. Қазіргі уақытта Қазақстандағы «жасыл» энергияны өндірудің жалпы үлесі шамамен 3%-ға тең.

– Экономикалық пайда – атом энергия қуатын тұтыну арқылы 1% өсуінен ішкі өнімге келетін қаражат 0,32% өседі;

– Өнім экономикаға, таза экологияға қайшы болмағанда өтімді болады, баға төмендейді. Қайшы болса нарықтан өтпейді.

Тағы айтатын бір мәселе атомды ғылым, медицина, өнеркәсіпке пайдалану үшін қолданады.

Мұның барлығы атом энергиясына қатысты қоғамдағы қарама-қайшы ой-пікірдің туындауына ықпал етері сөзсіз. АЭС салу тек энергетикалық қауіпсіздік емес, эко­ло­гиялық қауіпсіздік, ғылыми-техникалық саясат, дамыған елдердің геосаяси мүдделерімен де астасып жатыр. Жасыратыны жоқ, қазіргі жаһан­дық климат мәселесі әлем елдері­нің күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды.

Заманауи жүйелермен жаб­дық­талған жылу станциясының өзі бір жылда атмосфера­ға түрлі бағалауларға сәйкес, 7-ден 120 мыңға дейін күкірт тотығын, 2-20 мың тоннаға дейін азот тотығын, сондай-ақ 700-1500 тоннаға дейін күл (тазартусыз 2-3 есе көп) мен 3-7 млн тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады. 2030 жылға қарай СО2 тастауды 45%-ға азайту қажет. Ол үшін жанбайтын жылу көзіне ауысу керек. Сондай жылу көзінің бірі АЭС болып табылады.

Қысқасы, Қазақстандағы АЭС салынуының тағдыры жалпы­ха­лық­тық референдумда шеші­ле­тіні анық. Сәйкесінше бұл бастаманың дамуында екі түрлі сценарий бол­мақ. Біріншісі – халық қолдаса АЭС салынады. АЭС-ке «өзіміз би, өзіміз қожа» бола білуіміз керек. Екіншісі – референдум нәтижесінде АЭС салуға халық қарсы болса, бейбіт атом энер­­гетикасын дамыту мүмкіндігі шектеледі. Біз үшін ма­ңыздысы – мәсе­леге кешенді қа­рап, лайықты қоры­тынды шығару.

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Мамыкова Роза Убайдуллақызы

Қатысты жаңалықтар

Шымкентте үшкіл жүйке ауруына қарсы күрделі ота сәтті жасалуда

bastynews

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ҮШІН АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

bastynews