Ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 230 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСЫП, 18 МЫҢ ТОННА ҚАЛДЫҚ ШЫҒАРЫЛДЫ

Шымкент қаласында сәуір айынан бері өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шараға 230 мыңға жуық тұрғын, 2301 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, сондай-ақ 687 әлеуметтік мекеме қатысты.Акция барысында 10 170 бірлік техника жұмылдырылып, 18 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды. Бұл жұмыстарға күн сайын 2000-нан астам жұмысшы мен 150 арнайы техника тартылды. Қала тұрғындары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен ерікті жастар белсенді түрде атсалысты.«Таза Қазақстан» акциясы қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әрі жыл соңына дейін жалғастырылады. Сондай-ақ, 21 қыркүйекте әлем бойынша атап өтілетін “World Cleanup Day” акциясы республика көлемінде ұйымдастырылады. Ермахан Қозыбаев барлық азаматтарды акцияға белсене қатысуға және қоршаған орта тазалығына өз үлестеріңізді қосуға шақырды.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары

bastynews

ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕ ТҰРАҚТЫ ӨСІМ БАР

bastynews

Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City

bastynews