Санатталмаған

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА

AzatMedia. Сайрам ауданында жаздық маусымда жиналатын көкөніс пен жеміс-жидек кезінде сатылымға шықты. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент, Қарамұрт Ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, көкөністерді саудаға шығару жағдайымен танысты.
Аудандағы «Камран» шаруа қожалығы құлпынай, таңқурай, картоп өсірумен және мал бордақылаумен айналысады. Диқандар құлпынайды дер кезінде сатуда қиындық болмағанын, тек ауа-райының қолайсыздығынан өнім жылдағыдан аз болғанын айтуда.
Ал Аққала елді мекеніндегі «Шерзад-1» сүт бағытындағы ірі қара және мал бордақылау шаруа қожалығы жұмысын 2008 жылы 10 сиырмен бастап, бүгінде сауын сиырының өзін 127 басқа жеткізе алған.
Сапар барысында аудан басшысы «Ибтикар» өсімдік майын сығу цехы мен «Южанка-5» ЖШС жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеу цехына ат басын бұрды. Кәсіпкерлердің және ондағы жұмысшылардың жағдайын білді. Серіктестік директоры Сайрам ауданынан фирмалық дүкенін ашуға қолдау көрсетуді сұрады. Өз кезегінде аудан басшысы тиісті сала басшыларына мәселені шешу жолдарын қарап, нақты ұсыныс жасауды тапсырды.
Жұмысшы топ мектептердің әжетханасын өзектендіру, жол құрылысы және орталық көше бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қас беттерін ретке келтіру мәселелерін де назарға алды.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

🏠 Меншікті қорғау – әр азаматтың заңмен қорғалатын құқығы.

bastynews

Пікір қалдыру