Жаңалықтар Қоғам

ШЕКАРАШЫЛАР ҰШАҚ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПҚАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы Абай паркінде әуе ұшағы апатынан қайтыс болған шекарашыларды еске алу шарасы өтті. Еске алу шарасын ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті мен Төлеби ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы ұйымдастырды. 2009 жылы 9-қыркүйекте Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасының офицерлері мен «Арлан» барлау-іздеу тобының қолданысындағы МИ-8 ұшағы қазақ-өзбек шекарасының маңындағы Өгем шатқалында апатқа ұшыраған. Тікұшақта экипажды қоса есептегенде 13 адам болған. Ми-8 тікұшағының апатынан 10 адам қаза болды, қалған үшеуі ауыр жараланған.Еске алу іс-шарасы барысында қайтыс болған әскери қызметкерлерге қойылған ескерткіш басында бір минуттық үнсіздік жарияланып, қайтыс болған шекарашыларға тағзым етілді. Шекарашылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қайтыс болғандар туралы естеліктер айтылды.

Қатысты жаңалықтар

Кентауда «Жасырын қауіп – вейп» тақырыбында кездесу өтті

bastynews

“Синтетика! Қауіпті!”: ІІМ қоғамды қорқынышты құбылысқа назар аударуға шақырады

Bastynews

Былыққа батқан жүйе: Шымкент қалалық диагностикалық орталығындағы ахуал

Bastynews