Ақпарат Спорт

ТҮРКІСТАН: ПАРА ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Пара дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Тартысқа толы турнирде облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары 1 алтын 2 күміс, 4 қола медаль еншіледі.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Зәуре Әйтек +70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Балуандардың жаттықтырушылары елімізге белгілі тәжірибелі бапкерлер – Марат Нұрмаханов пен Шавкат Ешматов.Шымкент қаласында өткен жарыста спорт клубтың үкілеп додаға қосқан балуандары – Ақтолқын Сейілбекова 70 келі, Бағланбек Оңалбек +90 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізіп, жаттықтырушылар үміті ақталды. Бауыржан Арықбаев +90, Еділ Рахманов 73, Мұхтар Әділбек 73, Дилором Дыханова 57 келі салмақта ҚР кубогының қола алқа иегерлері қатарынан көрінді.

Қатысты жаңалықтар

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ДАНАБЕК ИСАБЕК ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АҚЖАР ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ОРНАЛАСҚАН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

bastynews

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 45 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

bastynews

ҚАЗАҚСТАН КОЛЛЕДЖДЕРІНДЕ АЛҒАШ РЕТ СТУДЕНТТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАУ БАСТАЛДЫ

bastynews