Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БІР ӘУЛЕТТІҢ ТӨРТ ҰРПАҒЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Шымшаһар тұрғындары өз таңдауларын жасауда белсенділік танытуда. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде орналасқан №98 сайлау учаскесінде бір әулеттің 4 бірдей ұрпағы өз таңдауын жасады.
90 жастағы кейуана сайлау учаскесіне дауыс беру үшін ұлы, келіні, немерелері және шөберелерін ертіп келді.
Өмірге 5 перзент әкелген қарт ана саналы ғұмырында ұстаздық етіп, бала тәрбиесімен айналысқан. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап елдегі барлық сайлауларға қатысқан қарт ана бұл сайлаудың ұрпағының болашағы үшін жасалынғанын айтты. Немерелері мен шөберелерінің бай-қуатты елде тұруы, олардың өмірлерінің жақсы болуы ниетте дауыс бергенін жеткізді.
Сондай-ақ еліміздің тыныш, жастарымыздың бақытты, шаттықта өмір сүрулерін тілеген қарт ана ақ тілегін білдірді.
Айта кетейік, сайлау учаскесінде таңғы сағат 7:00 ден бері тұрғындар өз таңдауларын жасаған, олардың ішінде 18 жасқа толып алғаш дауыс беру құқығына ие болған жастардан бастап қарияларға дейін толассыз келуде.
Сайлау учаскесі ең алғаш дауыс беруші тұрғындарға арнайы сыйлықтар табыстаған.

Қатысты жаңалықтар

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ТАБЫС ДЕҢГЕЙІ: 2025 ЖЫЛҒЫ ІІ ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

bastynews

Ресейлік журналист Тоқаев туралы авторлық хабарын жариялады (видео)

Bastynews

ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ САЛАСЫНДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 15 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Bastynews