Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында құрылыс жұмыстары қарқын алып, қызу жүріп жатыр. Атап айтсақ, солардың бірі 10 нысан – 13 шақырым жол, 3 көпір, 1 оң жақ өткел қайта құрылымдаудан өтуде.

Бұлардың қатарында А-2 автожолы мен Темірлан тасжолының қиылысындағы көлік өткелдері, А-2 автокөлік жолының бұрынғы қоқыс полигонынан Ынтымақ шағынауданына дейінгі бөлігін жөндеу, Жібек жолы, Төреқұлов, Адырбеков, Бадам өзеніндегі автокөлік көпірлері мен Сайрам су өзеніндегі Леңгір бағытындағы көпірді қайта құрылымдау жұмыстары бар. Бұған қоса 50 шақырым жол мен 2 көпір толық жөнделіп, 308 шақырым жол орташа жөндеуден өтпек.

Жалпы, биыл 223 нысан пайдалануға берілсе, 2 нысан 2021 жылға өтпелі. Ал осы жылдың мамыр айының соңына дейін 136 нысан, маусым мен тамыз айларында 75 нысан ашылады деп күтілуде.
Осы орайда ерекше тоқталып өтсек, қаладағы ең маңызды құрылыс жүріп жатқан көшелердің бірі – Республика даңғылы мен Рысқұлов көшесі. Мұндағы Республика даңғылының жалпы ұзындығы – 5,3 шақырым, ені 2х14м болса, нысанның жалпы сомасы 2 394,0 млн.теңгені құрайды. Ал Т.Рысқұлов көшесінің жалпы ұзындығы – 4,2 шақырым, ені – 2х7м. Бұл құрылыс жұмыстары А.Байтұрсынов пен Әл-Фараби көшесі аралығында жүргізілмек.

Сондай-ақ, қаладағы тағы бір маңызды жол жөндеу жұмыстарының бірі – А-2 «Хоргос-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолы Бадам өзені үстінен өтетін көпірді қайта құру учаскесінің ІІІ кезең жұмыстары. Аталған көпірдің ұзындығы – 144 м., ені – 28,2 м. Бұл жоба 2020 жылы толық аяқталып, қала тұрғындарының игілігіне берілмек.

Қатысты жаңалықтар

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

🏠 Меншікті қорғау – әр азаматтың заңмен қорғалатын құқығы.

bastynews

Пікір қалдыру