Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕР МЕКТЕБІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

AzatMedia.kz. Шымкент қаласында осы жылдың қыркүйек айында 300 орындық өнер мектебі пайдалануға беріледі.

Бекет батыр мен Ташенова көшесінің қиылысында орналасқан білім мекемесінің құрылысы қызу жүргізілуде.
Қазіргі таңда екінші қабаттың плита жабындылары мен бірінші қабаттың сыртқы қабырғалары газоблокпен 100 пайызға қаланған болса, бөлмеаралық қабырғалардың іргетастарын құю жұмыстары жүргізілуде.
Аталмыш өнер мектебінің құрылыс жұмыстарымен бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысты. Ғимаратты аралау барысында қала басшысы мердігерге құрылысты көрсетілген уақытында аяқтап, сапаға баса назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, сала мамандарына тәрбие ошағы нысанының алдына автотұрақ мәселесін де қарастыруды айтты.
Айта кетейік, өнер мектебінде музыкалық сабаққа арналған сыныптар, дайындық бөлмесі, концерт залы мен мүгедектерге арналған техникалық үй-жайлар, хорға арналған сыныптар, дыбыс жазу студиясы және медпункт пен асхана қарастырылған.
Жобаның жалпы құны 622 072,6 мың теңгені құрайды. Құрылысын мердігер мекеме «РСУ-1» ЖШС-гі жүргізуде.

 

Қатысты жаңалықтар

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

🏠 Меншікті қорғау – әр азаматтың заңмен қорғалатын құқығы.

bastynews

Пікір қалдыру