Санатталмаған

РОМАН СКЛЯР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

AzatMedia.kz. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында су басу салдарынан зақымдалған тұрғын үйлерді, әлеуметтік мақсаттағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.

Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ТЖ салдарын жою жұмыстарымен танысып, Төлеби ауданының ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында зардап шеккен елді мекендердің тыныс-тіршілігін тез арада қалпына келтіру үшін билік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданындағы су басқан аумақтарды аралап шықты.

Сапар барысында Мырзакент кентіндегі жеке меншік тұрғын үйлердің құрылысын салуға бөлінген 70 га жер учаскесіндегі жаңа шағын ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тексерілді. Үкімет резервінен тұрғын үй салу, инженерлік-инфрақұрылымдық шығыстарды қамтамасыз ету, су құбыры желілерін қайта жаңарту және қалпына келтіру, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін қаражат көзделген.

Жаңа шағын ауданның құрылысына 32 мердігерлік ұйым тартылған, 313 үйде құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс алаңында 900-ге жуық құрылысшы мен 70 арнайы техника құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде.
Роман Скляр зақымдалған үйлерді, көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіру, су басқан аумақтардан суды сору жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

bastynews

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ЖАСТАР БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

bastynews

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

bastynews

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«Әділет» партиясының жастары ел бойынша 200-ге жуық қартқа көмек көрсетті

bastynews

🚨 Бәйдібек ауданы аумағында интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу – ортақ міндет

bastynews

ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

bastynews

Пікір қалдыру