Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ 11 КАНАЛ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында биыл ұзындағы 134,4 шақырым болатын 11 канал қайта жаңартылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттың отырысында айтылды. Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков суарылатын жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі жайын баяндады. Басқарма басшысы бүгінде Шымкентте жалпы ұзындығы 241,24 шақырымды құрайтын 27 каналдың бар екенін атап өтті. Биылғы жаңаратын 11 каналдың бірі ұзындығы 10 шақырымды құрайтын «Өтеміс» каналы. Бұл су арнасында күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сметалық құны 545 млн.тг құрайды.
Суармалы жерлердің инфрақұрылымын жаңғырту арқылы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына айрықша серпін беретінін айтқан қала басшысы ирригациялық инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту жобаларын іске асыруды тездетіп бастауды, сондай-ақ қаражаттың тиімді игерілуіне тиісінше бақылау жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Айта кету қажет, «Шымкент қаласының өзен және канал арналарына механикалық тазалау бойынша сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік жекешілік әріптестік жобалары бойынша 2020-2024 жылдарға 850 млн теңге қаралған. Яғни, тағы 16 канал арнасын (117,3 шақырым) механикалық тазалау көзделіп отыр.


Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

🏠 Меншікті қорғау – әр азаматтың заңмен қорғалатын құқығы.

bastynews

Пікір қалдыру