Санатталмаған

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТУҒАН КҮНІ ҚАЛАЙ ӨТЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасына жазды, – деп хабарлайды AzatMedia.kz.

Баспасөз хатшысы былай жазған:

“Соңғы күндері бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері «Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?» деген сауал жолдап жатыр.

Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған.

Дегенмен ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде. Қазірдің өзінде көптеген Мемлекет және Үкімет басшыларының, Парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр. Мұндай құттықтаулар ертең кешке дейін әлі де жалғаса береді деп ойлаймын».

Қатысты жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

bastynews

ЖЕРГІЛІКТІ ЭКОНОМИКА – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу: салауатты өмір салты – тәуелділіктен сақтанудың тиімді жолы

bastynews

Есірткінің алдын алу

bastynews

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

bastynews

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІККЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

bastynews

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ МЫҢДАҒАН ПОЛИЦЕЙІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

bastynews

В УЩЕЛЬЕ АКСУ ОТКРЫЛАСЬ СМОТРОВАЯ ПЛОЩАДКА

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АҚСУ ШАТҚАЛЫНДА КӨРУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

bastynews

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ЖАСТАР БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

bastynews

Пікір қалдыру