Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ТУРИСТЕР ҚАБЫЛДАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕ 5 ОРЫНДА

Шымкент қаласының туризм саласын дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 5 орында. Оның ішінде резиденттер (ҚР азаматтары) бойынша да 5 орын болса, резидент еместер (шет ел азаматтары) бойынша да 5 орынға жайғасқан. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, биыл бес айда қалаға келуші туристердің саны – 71 156 адамға жетіп, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (47 741 адам) 149,1%-ға ұлғайған. Ішкі туризм бойынша келушілер саны – 69 733 адам, кіру туризмі бойынша келушілер саны – 1 423 адам. Статистикалық деректер бойынша 3 айда орналастыру орындарында 99 756 төсек – тәулік ұсынылып, төсек – орын (бір жолғы сыйымдылық) саны – 4 889 бірлікті құрап, 111,5%-ға артып отыр. Сондай-ақ, биыл туристер үшін «Shymkent Tourism Center» туристік -ақпараттық орталығы» КММ-і құрылып, Visit-shymkent.kz порталы жұмыс істеуде. Ал көлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы Шымкент бағытында «FlyArystan» әуекомпаниясы тарапынан 7 рейс ашылса (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар), биыл қосымша 3 рейс іске қосылды (Ақтөбе, Орал және Семей).

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ХӘКІМ АБАЙ ҺӘМ ИХСАН ІЛІМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Bastynews

Зардап шеккендер үшін 17 миллион теңге берілуде

Bastynews

МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ АУДАНДЫҚ ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Bastynews