Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА- 30 КІТАП ШАРАСЫ ӨТТІ

Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы орайда, еліміздің барлық өңірлерінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ісшаралар, оның ішінде рухани – мәдени, ел тарихынан кеңінен сыр шертетін тарихи ісшаралар жалғасын табуда.  Шымкентте «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына -30 кітап» атты әдеби сағат өтті.Іс- шараның мақсаты Президент ұсынған -30 әлем және қазақстандық авторлардың кітаптарын оқуға шақыру, қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу. Айта кету керек, елімізде республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани – мәдени акциясы ұсынылып отыр. Ол жерде танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындысы таңдалды.

Қатысты жаңалықтар

Қажымұқанның біз білмейтін ұрпақтары Францияда тұрады

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ 20 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ 4647 ЖАС ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Bastynews