Соңғы жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ӘКІМШІЛІК-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ 9 ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

Шымкент қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта 9 қабатты 56 пәтерлі тұрғын үйлердің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған көпқабатты үйлердің құрылыс алаңына барып, құрылыс сапасын бақылады. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. Мердігер мекеме құрылысы 2019 жылы басталған нысанды биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр. Пәтерлердің жалпы ауданы – 9 345,33 шаршы метр. Қала әкімі жауапты мердігерге құрылысты сапалы орындауды және тиісті мерзімде тапсыруды міндеттеді. Сонымен қатар, әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты сегіз тұрғын үйдің инженерлік инфақұрылым құрылысы қатар жүргізілуде. Мердігер мекеме – «СМУ «БУРВОДСТРОЙ» ЖШС және «Гео Нұр Құрылыс» ЖШС.Мұрат Дүйсенбекұлы аталған инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын аралап көрді. Жауапты мердігерлер нысандардың құрылысын 2021 жылдың шілде айында аяқтауды жоспарлауда.

Шымкент қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы мен қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған өрт сөндіру депосының құрылыс барысымен танысты. Жер телімінің жалпы ауданы 1,2 га нысанның құрылысын «Темирспец – Строй» ЖШС атқаруда. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Мердігер компания құрылысты биыл жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Қатысты жаңалықтар

«Телефон мен теледидарға жақындамаңыздар»…

Bastynews

Жолдардың сапасы жіті бақылауда

Bastynews

Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендетіле ме? – министр жауабы

Bastynews