Соңғы жаңалықтар Шоу-бизнес

«Қарапайым болайықшы» – Ақбота Сейітмағамбет әсерлі жазба жариялады

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет желіде жан сырын ақтарған жазба жариялап, көпшілікті барынша қарапайым болуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұловтың экс-жары әсерлі жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Актриса адамдар арманы орындалған сайын асқақтап, тәкаппар бола беретінін алға тартты. Бұл жайтты болдырмас үшін Ақбота ескі күннің естелігін әркез еске алып тұру керек екенін айтты.

«Сіз білесіз бе?! Адам арманы орындалған сайын асқақтай береді. Көңіл құрғыр бәрін қалап тұрады. Ең кішкентайы – тәкаппарлыққа бас ұру. Ең үлкені – Жаратқанды ұмыту. Осы әдеттен арылу үшін Алла тағаланы еске алып отыру қажет. Ескі күннің естелігін, еске алып отыру шарт. Әйтпесе, өзіңе білінбегенмен, өзгеге асқақтағаның айдай көрініп тұрады. Қарапайым болайықшы барынша. Сіз де, біз де қарапайым пендеміз. Барар жеріміз бір. Кейде көп нәрсені армандап қойсам, барыма шүкір деймін. Үлкен нәрсені армандауда кішкентай дүниеге қол жеткізгенімді аңғармай да қаламын. Қысқасы, өмірге өкпем жоқ», – деп жазды өнер иесі.

Қатысты жаңалықтар

ТРАНСНАЦИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ И ЯЗЫКОВАЯ ПОДГОТОВКА: ZHANIBEKOV UNIVERSITY И XIAN INTERNATIONAL STUDIES UNIVERSITY ЗАПУСКАЮТ ДВОЙНУЮ ДИПЛОМНУЮ ПРОГРАММУ

bastynews

Облыс әкімі журналистерге неге үйде тамақтанбайтынын айтты

Bastynews

«Қоймадағы триллиондаған теңгені термиттер жеп қойған» – Ұлттық банк тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Bastynews