Соңғы жаңалықтар

АРНАЙЫ ТОП ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов бастаған арнайы топ өкілдері Шымкент-Ташкент бағытындағы «Оңтүстік айналма жолының» құрылыс барысын аралап көрді. Оңтүстік айналма жол-құрылысының (Ленгер тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін) мерзімі 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Құрылыстың бас мердігері – «Корпорация Береке-А» ЖШС. Жол – құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Қазіргі таңда көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол – құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл орайда жалпы 91 жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару қажет.

Сонымен қатар, арнайы топ 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланған нысанға барып, жұмыс барысымен танысты. Шымкент қаласында «А-2» автомобиль жолын қайта құру жұмыстарының ІІ кезеңінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. А2 «Хоргос-Алматы-Шымкент» автожолының 2-ші кезеңі нысанының жалпы ұзындығы – 2,45 шақырым. Қазіргі уақытта жолдың 900 метрден астам бөлігінің асфальт төсемі төселген және аяқжол орнату жұмыстары атқарылуда. Бүгінде жұмыстардың 30 %-ы аяқталған. Құрылысқа жауапты бас мердігер – “Отау-Строй” ЖШС-і. Бүгінгі таңда 24 жер телімін қайтаруға қажеттілік туындауда. Жер телімдерін қайтару мәселесі шешілген жағдайда нысанды биыл аяқтау жоспарда.

Қатысты жаңалықтар

Шымкент «параның отаны» деген таптаурыннан айырылды

bastynews

ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІП, ЖАНАШЫР БОЛА БІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

Bastynews

Карантин талаптарын бұзған азамат 569 мың доллар айыппұл арқалады

Bastynews