Соңғы жаңалықтар

Дебаттық қозғалыс – жеке дағдыларды дамыту негізі

Ордабасы ауданы Ш.Уалиханов атындағы мектеп гимназиясының базасында Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің инновациялық жұмыстар жөніндегі әдіскері Қанжігіт Айман Еркенқызының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының директордың бейінді жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен дебаттық клуб жетекшілеріне «АПФ» Американдық парламенттік формат және «ЛД» Линькольн Дуглас форматын түсіндіру» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар барысында мына мәселелерге басты назар аударылды, яғни оқушыларды дебатқа дайындау барысында кездесетін кедергілерден шығу жолдары, дебатқа оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары, оқушыларға кітап оқу мәдениетін қалыптастыру,қоғамдық мәселелерге сараптама жасай алатын тұлғаны дайындау. Сонымен қатар Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің педагог-логопеды Молдабекова Ханзада Қанатқызы «АПФ» Американдық парламенттік формат және «ЛД» Линькольн Дуглас форматынының өзіне тән ерекшеліктері туралы» түсіндіріп, мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Жалпы дебат оқушыларға ерте тұруды, беріліп кітап оқуды, қажетсіз дүниеден арылуды, маңызды дүниелерге назар аударуды, жаттығу жасауды, күнделікті машықтануды, ортаға мән беруді, табандылыққа баулитыны туралы қорытынды жасалынды.Семинар соңында қатысушылар бүгінгі өткізілген оқыту семинары бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Қатысты жаңалықтар

Тамыздан бері вирустық пневмонияға шалдыққандар 20 мыңнан асты, бір күнде 787 науқас анықталды

Bastynews

ҚАЛА ӘКІМІ ӘКІМШІЛІК-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ 9 ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

Bastynews

Роза Әлқожаның орамалсыз түскен суреті желіні шулатты

Bastynews