Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 766 АДАМ ВАКЦИНА АЛДЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте 766 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды: I компонент – 324, II компонент – 442. Егу науқаны басталғалы барлығы 174 407 адам вакциналанды. Оның ішінде 80 700 адам вакцинаның екі компонентін алған. 30 мамыр күні КВИ-дің 39 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 23, белгілері жоқ – 16). 6 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар. Төсек – орын толымдығы – 37 %, 879 төсек – орын бос. Қала аумағында санитарлық – эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 30 мамыр күні 176 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.Қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Вакциналау бекеттерінің саны да артып отыр. Мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады. Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты. Қарапайым карантин талаптарын сақтай отырып, өз өміріңді және жақыныңның өмірін сақтай аласың.

Қатысты жаңалықтар

МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАНЫҢ РӨЛІ: ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ТӘЖІРИБЕ

bastynews

БҮГІН 18 ЖАСҚА ТОЛҒАН ШЫМКЕНТТІК САЙЛАУШЫ ТУҒАН КҮНІН ДАУЫС БЕРУДЕН БАСТАДЫ

Bastynews

ШЫМКЕНТ ЗАНИМАЕТ 5 МЕСТО ПО ПРИЕМУ ТУРИСТОВ В РЕСПУБЛИКЕ

Bastynews