Санатталмаған

100-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ЖОЛ ТӨСЕЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюпов облыс орталықтарындағы құрылыс және жол жөндеу жұмыстарын тексерді.

Түркістанда бүгінде 5, 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйлер салынуда. Еліміздегі төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан қаланың құрылыс жұмыстары тоқтаған емес. Кестеге сай жүргізілуде. Дегенмен, жұмысшы күшінде әлі де тапшылық бар. Облыс әкімі Ө. Естайұлы қаланы дамыту, көркейту аясында салынып жатқан нысандардың маңызды екенін айтып, жұмысшылар санын көбейтуді жауапты мамандарға тапсырды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Қаланың басты көшелерінің бірі Б. Саттарханов даңғылының екі шетінде ұзыннан салынып жатқан желілік саябақ -субұрқақтар, ерекше дизайнды ландшафтар және ирригациялық арықшаларымен ерекшеленбек. Сонымен қатар,

орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 100-ге тарта көшенің 26-на тасжол салынса, 22-де жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы 48 көшеде жолдың іргесін нығыздау, кәріз жүйесі құдықшаларының деңгейін көтеру сынды жұмыстар жүргізілуде.

Аймақ басшысы Б. Саттарханов даңғылы және даңғылдың ішкі жолы, Жібек жолы, О.Датқа, Бөген, Сапарбай болыс, Келіншектау, Шойынбет би, Сырым батыр, Ақан сері, Майлықожа, Жүйнеки көшелерін аралып, онда атқарылып жатқан істерді пысықтады. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берді.

#AzatMedia

 

 

Қатысты жаңалықтар

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ: ТАРИХИ МҰРАДАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

bastynews

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

bastynews

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру