Санатталмаған

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!

 Баршаңызды 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тұғырлы Тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымызға қол жеткізу қаншалықты қиын болса, оны сақтап, қастерлеу одан да жоғары жауапкершілікті талап етеді. Қорғаны мықты халық қана баянды болашаққа бет түзеп, барлық бағытта даму үдерістеріне қол жеткізе алады.
Бүгінгі таңда елімізде Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарында шеп түзеп, антына адалдық танытамын деген азаматтардың қатары күн санап артуда. Бұл біздің бүгінгі буынның отанға деген айрықша махаббаты мен оның әрбір азаматын қорғауды өмірлік мақсат еткен ұстанымдарының жемісі деп білемін.
Дүниені жайлаған ауыр індетке байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдай кезінде де әскер қатарындағылар мен әскери міндеттілер жүктелген міндеттерін мүлтіксіз атқаруда. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қиын күндердегі қызмет басына әскерилер де өз еріктерімен жұмылдырылуда. Бейбіт күнде батырлық танытқан барлық сарбаздарға облыс жұртшылығының ерекше ықыласын жеткізгіміз келеді.
Осы күндері еліміздің әр аймағында облысымыздың 1639 сарбазы отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаруда. Осы азаматтардың әрбірінен туған отанына деген сүйіспеншілікпен қызмет атқаратын болашақ батырларымыз шығарына кәміл сенемін!

Құрметті Отан қорғаушылар!

«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген баба нақылының тектен-текке айтылмағаны белгілі. Мемлекетіміздің дамыған елдер қатарынан орын алып, тыныштығының бұзылмауы үшін сіздерге жүктелген міндеттің жүгі ауыр. Осыны жүрегімен сезініп, абыроймен ант қабылдаған әрбіріңізге толағай табыстар, жарқын жетістіктер тілеймін!
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВ
Облыстық мәслихат хатшысы Қайрат БАЛАБИЕВ

Қатысты жаңалықтар

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ: ТАРИХИ МҰРАДАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІККЕ ДЕЙІН

bastynews

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

bastynews

Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия

bastynews

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

bastynews

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН

bastynews

СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

bastynews

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

bastynews

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 60 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру