Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай қазақ даласы батырының атына мемориалдық кешен салынады, деп хабарлайды anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Заманауи үлгіде бой көтеретін нысанның құрылыс жұмыстары биыл қараша айында басталып, 2021 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойында салынатын мемориалдық кешеннің жалпы аумағы бес гектарды құрайды. Нысан кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц залы, спорт залы, спортшылардың киім ауыстыруға, жуынуға арналған және басқа да қажетті бөлмелермен қамтылатын болады. Ғимараттың аумағы жасыл — желекпен абаттандырылып, орындықтар мен жарықшамдар орнатылады. Сондай-ақ жобада балаларға арналған ойын алаңшасы мен автотұрақ та қарастырылған. Батыр аталарының жолын қуғысы келіп, спортпен шұғылдануды арман еткен ауыл балалары үшін үлкен қуаныш болары анық.

Айта кетейік, спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға лайықты етіп бой көтеретін кешен түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге де ыңғайлы болмақ.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «MEDIA CAMP» ТУРИСТТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Bastynews

В ШЫМКЕНТЕ В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ЕҢБЕК» ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБУЧЕНИЕ ПРОХОДЯТ 2500 ГРАЖДАН

Bastynews

ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 5 МЛН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ БІРЖОЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

bastynews