Соңғы жаңалықтар

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Ордабасы ауданының мәслихат депутаты Жанысбеков Ерұлан Амангелдіұлы аудан тұрғындарының арыз – шағымдарын тыңдады. Қоғамдық қабылдауға келген Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылының тұрғындары Г.Даулбаева және Г.Мирсеева өздері жеке кәсіп ашып еңбек еткілері келетіндігін айтып, қысқа мерзімді оқуларға қатысуға ниеттерін білдіріп және атаулы әлеуметтік көмек алу шарттарын да түсіндіруге кеңес берілуін өтінді.Төрткүл ауылының тұрғыны Е.Сағынбек ауылдың өзекті әлеуметтік мәселелерін қозғап, өтінішін жеткізді. Нәтижесінде, Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылының тұрғындары Г.Даулбаева және Г.Мирсееваға толыққанды Қазақстан Республикасының заңы аясында түсіндірме кеңестер беріліп, аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығына жолданды. Төрткүл ауылының тұрғыны Е.Сағынбектің өтініші бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатыны және оң шешілуіне ықпал жасалынатынын жеткізді. Қоғамдық қабылдауда болған аудан тұрғындары партия тарапына және де аудандық мәслихат депутаты Ерұлан Амангелдіұлына алғыстарын білдірді.

Қатысты жаңалықтар

Белгісіз біреу 4 оқушыны пышақтады

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Bastynews

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 7 НЕГІЗГІ МАКРОКӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ

Bastynews