Басты жаңалықтар

Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсiбi қызметкерлерi күнi» кәсіби мерекесінің қорытындысы

Nehrtcnfy

Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімінің
20 пайызын құрайтын облыстың негізгі саласы болып табылады, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап өтіліп, азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру,  еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту міндеттері қойылды.

        Ағымдағы жылы бұл бағыттарда Түркістан облысы аграрлық саласында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 17,0 мың га артып 846,1 мың га орналастырылды.

Егістікті әртараптандыруға сәйкес:

  –масақты дақылдар 18,8 мың га артып, 250,5 мың га-ға,мал азықтық дақылдар 11,0 мың га артып, 212,7 мың га-ға -көкөніс, бақша 1,7 мың га артып, 120,5 мың га-ға орналастырылса, тиісінше мақта дақылы 5,5 мың га қысқартылып 125,8 мың га-ға егілді.

Масақты дақылдар тікелей егу әдісімен 1,5 мың га егіліп, өткен жылдан 3 есеге артты. Технология жұмыс күшін азайтып, еңбек өнімділігін 1,5 есе арттыруға мүмкіндік берді.

Қатысты жаңалықтар

Белгілі композитор Димашқа азан шақыруды ұсынды (Видео)

Bastynews

Орал тұрғыны 14 жастағы оқушыға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған

Bastynews

ТҰРҒЫНДАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

bastynews

Пікір қалдыру