Соңғы жаңалықтар

Сарымсақтың ағзаға зиян екені анықталды

Сарымсақ бактерия мен вирусқа қарсы таптырмас көкөніс, иммунитетке де оң әсері бар. Дегенмен оны шикідей тұтынудың пайдасынан зияны көп, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы гастроэнтеролог, отбасылық дәрігер Никита Харлов Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты. Дәрігердің айтуынша, бұл өсімдік әдетте жануарлардан алынатын өнімдерді зарарсыздандыруда қолданылады. Оны тағамдарға қосып, пісіріп барып тұтынған дұрыс.

Сарымсақтың зияны – тіндерді тітіркендіретіндігінде. «Бұл бактериялар мен саңырауқұлақтарды өлтіріп қана қоймайды, ас қорыту жүйесінің шырышты қабығын қатты тітіркендіреді. Бұл гастродуоденит пен тітіркенген ішек синдромы бар адамдарда үлкен реакция тудыруы мүмкін», – дейді Никита Харлов.

Қатысты жаңалықтар

«Яндекс» Тинькофф банкін сатып алмақ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ «БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ 7597 ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТӨЛЕНДІ

Bastynews

Пікір қалдыру