Соңғы жаңалықтар

800 мың теңге. Мұғалімдерге сыйақы берілмек

Мұғалімдер Тәуелсіздік күніне орай 800 мың теңге көлемінде сыйақы алады. Бұл сыйлық барлығына емес, тек Сыр өңірінің 10 мұғаліміне бұйырады, –  деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы baigenews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мұғалім мамандығы үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Себебі, олар жас ұрпаққа білім беріп тәрбиелейді. Олардың еңбегін қоғам жоғары бағалайды, ал мемлекет мұғалімдерге үлкен қолдау көрсетеді», – дейді Қызылорда обылысының білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова

Басқарма басшысы әріптестерін құттықтап, биыл мерекені қалай тойлайтынын да айтты.

«Бұл жылы мұғалімдер күніне арналған  мереке онлайн режимінде өтеді. «Қазпочта» арқылы ардагер мұғалімдерге құттықтау қағаздары жеткізілді. Әлуметтік желілерде «Құрметке лайық» ұранымен челлендж өтуде. Сондай-ақ, аудандардағы үздік мұғалімдер туралы бейнероликтер түсіріліп, интернет желісіне салынатын болады. «Шәкірттер құттықтайды» атты онлайн акция өткізілді. Мұның бәрі біздің мұғалімдерге қуаныш сыйлау үшін ұйымдастырылуда», – деді Қасымова.

Қатысты жаңалықтар

Миллиардер өзінің жиған-тергенін қайырымдылыққа аударды

Bastynews

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА БАТЫР АНАЛАРДЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Bastynews

Қазақстанда жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді

Bastynews

Пікір қалдыру