Соңғы жаңалықтар

Премьер-министрдің жалғыз ұлы Карабахтағы соғысқа аттанды

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның жалғыз ұлы Ашот Таулы Карабахтағы соғысқа аттанды, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы Sputnik Армения сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы премьер-министрдің жұбайы Анна Акопян мәлімдеген. «Мен оған: «Балам, форманы ки де бар. Мен сені жақсы көремін, бірақ Отан үшін жан беруден артығы жоқ» дедім» – дейді Ашоттың анасы.

Акопянның айтуынша, Ашот Пашинян ұрыс аймағында, бірақ әлі шайқастарға қатыспаған. Дегенмен кез келген уақытта жағдай өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін Түркия үкіметінің қолдауымен жеке әскери компаниялардың Әзірбайжан жағындағы Карабах қақтығысына қатысу үшін Сириядағы жалдамалыларды іріктеп жатқаны мәлім болған еді. Онда әскерилерді жіберудегі басты міндеті – жеке нүктелерді қорғау екені айтылғанымен, соңында олар соғыс қимылдарына қатысқан. Шайқаста Әзірбайжан жағында соғысқан 3 жалдамалы адам қаза болды.

Қатысты жаңалықтар

Африкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы қайын інісіне келін шай берді (видео)

Bastynews

Қытай «Талибан» қозғалысына көмектесуге дайын, бірақ…

Bastynews

ОРДАБАСЫ: АҚЫЛДЫ ҚЫЗ – АУЫЛ КӨРКІ

Bastynews

Пікір қалдыру