Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп: «Вакцинаның дайын болуына бірнеше апта қалды»

АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше аптада коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын болуы мүмкін екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

«Вакцинаның дайын болуына бірнеше апта қалды. Оған шамамен үш-төрт апта кетуі мүмкін» – деді АҚШ президенті. Бұл туралы ол АВС телеарнасында айтты.

15 қыркүйекте SARS-CoV-2 вакцинасына қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша жасалып жатқан сынама барысында бір науқастан жанама реакция байқалған. Енді вакцинаға жасалатын сынама уақытша тоқтатылып, аталған жанама реакция бойынша талдау жасалуда.  

АҚШ коронавирусқа шалдыққандар саны бойынша әлі де бірінші орында келеді. Осы уақытқа дейін елде барлығы 6,6 миллионнан астам адам тіркелген. 195 мыңнан астам адам қайтыс болса, 2,49 миллионы жазылып шықты. Ал 16 қыркүйектегі көрсеткіштер бойынша, әлемде барлығы 29,4 миллион адам коронавирусқа шалдыққан.

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ МЕКТЕПТІҢ ҚОСЫМША КОРПУС ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП ОТЫР

Bastynews

ШЫМКЕНТ: АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Bastynews

Соңғы бір жылда қазақстандықтардың табысы қалай өзгерді?

Bastynews

Пікір қалдыру