Жаңалықтар

Шымкентте 7 миллиард теңгеге жолайрық салынбақ

Шымкеент

Шымкент қаласында құны 7 миллиард теңге болатын жаңа жолайрық салынады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бас мердігер – «Bazis Construction» компаниясы. Жолайрық Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына салынады. Құрылыс 2020 жылы қыркүйекте басталып, 2022 жылы желтоқсан айында аяқталады. Жалпы жобаның сметалық құны – 7 миллиард теңге. Қазіргі уақытта құрылыс белдеуіне 52 жер телімі түсіп отыр. Оларды мемлекеттік мұқтаждыққа алу керек.

Айта кету керек, «Бекжан» базарының маңына салынған жолайрықтың сметалық құны шамамен 1,7 миллиард теңгені құраған болатын. Аталған жобадан 4 есе қымбат жолайрық туралы тиісті мекеме маманы бұл жобаның ені кең және барлық талаптарға сай болатынын алға тартты. Әйткенмен нақты қандай талаптар екені және «Бекжан» базары маңында салынған жолайрықтың қандай талаптарға сай болмағаны турасында айтылған жоқ.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІН ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

bastynews

ҚАЗАҚСТАН ЭСТРАДАСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУ ҮШІН БІРІКТІ – «ХАЛЫҚТЫҢ АТА ЗАҢЫ» ХАЛЫҚ ӘНҰРАНЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ЖАС ЧЕМПИОНДАР АНЫҚТАЛАДЫ

bastynews

Пікір қалдыру