Соңғы жаңалықтар

Ұшу аппаратын жасап, өзі қаза тапты

Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат 28 тамызда 8:30-да болды. Оқиға болған жерге БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барған.

«Қолдан жасалған ұшу аппараты «Казинское» бау-бақша серіктестігінің маңына құлады. Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды», – деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.

Құтқару жұмыстарына 4 бірлік техника мен 18 құтқарушы жұмылды.

«Бір орындық ұшақтың құлауынан ұшқыш жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ», – деп атап өтті БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Қатысты жаңалықтар

Астық жиналды. Көлемі халықты ұнмен қамтуға жете ме?

Bastynews

Елімізде 145 колледж 330 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды

Bastynews

ТЕМІРЛАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ӨНЕР ГАЛЕРЕЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Bastynews

Пікір қалдыру