Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАНҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі таңда карантин режимін сақтау бойынша 8 392 нысанға мониторинг жүргізілген. Бұл туралы бүгін ақпараттық – коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Ержанов айтты.

– Мониторинг қорытындысы бойынша ҚР ӘҚтК 425-бабы 1-бөліміне сәйкес біршама кемшіліктер анықталды. Нысандардың жауапты тұлғаларына және жеке тұлғаларға 238 хаттама толтырылып (жеке кәсіпкер-10, лауазымды тұлға-2, жеке тұлға-226), жалпы сомасы 13 848 330 теңгеге айыппұл салынды -деді Ж.Ержанов.

Мониторинг жүргізілген нысандардың 4548-і тағам нысандары болса, 3844-і – коммуналдық нысандар.

Әкімшілік шара қолдануға себеп болған негізгі кемшіліктер ретінде келесілерді атап өтуге болады:

– карантин уақытында тыйым салынған қоғамдық моншалардың, сауналардың, компьютер клубтары, сұлулық салондарының, СПА орталықтарының жұмыс жасауы;
– қоғамдық тамақтану, сауда орындарының шектелген уақыттан тыс жұмыс жасауы;
– қызметкерлердің, жұмысшылардың, тұрғындардың бетперде режимін сақтамауы, арнайы киім, қолғаптардың болмауы, дезинфекциялық режимнің сақталмауы.

Қатысты жаңалықтар

ЖҰМЫС ОРНЫҢЫЗДА ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ КУӘСІ БОЛСАҢЫЗ 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС НӨМІРІНЕ ХАБАРЛАСУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ

Bastynews

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi» мекемесiне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Bastynews

Әлеуметтік желіні шулатқан ордабасылық мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатысты тың дерек шықты

Bastynews

Пікір қалдыру