Соңғы жаңалықтар

Жиналған өнім қоймада сақталады

Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінде мол өнім сақтайтын қойма бар, – деп хабарлайды AzatMedia.kz. Аумақ диқандары 4 мың тонна өнім сиятын қойманың қызметін бірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатыр. Аталған округтегі Ақжар елді мекенінде орналасқан жеке кәсіпкер Садықұлы Әбдімүтәлидің бұл қоймасына жылына екі рет жазғы және күзгі, яғни бірінші және екінші ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға болады.

«Қойма арқылы диқандарға қызмет етіп келе жатқанымызға 6 жыл болды. Негізгі мақсат – өнімдерді ұзақ уақыт сақтай отырып, бағаны тұрақтандыру және өзіміздің кәсіпкерлерге тиімді қызмет ұсына отырып, сырттан өнім сатып алмауға мүмкіндік жасау. Қазір төрт тұрғын тұрақты жұмыс істейді, ал айлық жалақылары 70-100 мың теңге аралығында» – дейді жеке кәсіпкер.

Сондай-ақ, ел игілігі үшін салынған қоймада жергілікті шаруалар үшін жеңілдік те қарастырылған. Атап айтсақ, коммерцанттар бұл қоймада өнім сақтау үшін ай сайын бір келіге 2 теңге төлесе, жергілікті диқандар 1 теңгеден төлейді екен.Бүгінгі таңда қоймада 700 тоннаға жуық бидай сақталып тұр.

Қатысты жаңалықтар

Шымкент «параның отаны» деген таптаурыннан айырылды

bastynews

В ШЫМКЕНТЕ НАГРАДИЛИ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АЛТЫ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ

Bastynews

Пікір қалдыру