Соңғы жаңалықтар

Келестіктер мемлекеттік бағдарламаның игілігін сезінуде

Келес ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында елді мекендерді ауыз умен қамтамасыз жұмыстары қарқынды, деп хабарлайды azatmedia.kz.

Үшағаш елді мекені бойынша ауыз су құбырын тарту жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Аталмыш жұмыстар 2020 жылдың ІІІ тоқсанында халық игілігіне пайдалануға беруді көздеп отыр. Аталған жұмыстарға мемлекет тарапынан 297 805 млн. теңге бөлінген.

Ал, «Бірлік» елді мекенінде ауызсу құбырын тарту құрылысына мемлекеттік салып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз анықталған. Қазіргі таңда ұнғыма бұрғылау жұмысы жүргізілуде. Оған мемлекет тарапынан 598 654 млн.тенге қаржы бөлініп отыр. Жұмыстар алдағы жылы аяқталып, тұтынушыларға сапалы ауыз су жеткізіледі.

Еске сала кетейік, Жаңатіршілік елді мекені 2019 жылы толық іске қосылған болатын.

Аталған елді мекендерді мемлекеттік бағдарлама аясында сапалы да таза ауыз суымен қамту жұмыстары уақытылы жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін сезінген елді мекен тұрғындары түйіткілді мәселенің оңды шешілгеніне дән риза.

Қатысты жаңалықтар

«ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫНАН ҚОЛДАУ ТАУЫП, КӘСІБІН АШҚАН

Bastynews

Мұхтар Тайжан: «Қазақ қайтадан 69% болып қалды дегендері өтірік»

Bastynews

Елімізде сүттің бағасы қымбаттады

Bastynews

Пікір қалдыру