Санатталмаған

БАС ҚАЛАМЫЗ ГҮЛДЕНЕ БЕРСІН!

Қымбатты жерлестер! Сіздерді отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі болған, елордамыз Нұр-Сұлтан күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Егер біз бабаларымыздың қанымен келген тәтті сыйымыз тәуелсіздікті ұлы жетістігіміз деп есептесек, елордамыз соның ең асқақ жемісі. 22 жылдың ішінде еліміздің жүрегі саналатын бұл шахар өзіне тиесілі міндеттерін абыроймен атқарып келе жатқан орталыққа айналды. Осында халықтың игілігі үшін аса маңызды шешімдер шығарылып, қаулылар қабылданып келеді. Ел дамуының алғышарты татулық пен тұрақтылық екені сөзсіз. Осы бір қадірлі ұғымды ту етіп, дамудың даңғыл жолына түскен Нұрсұлтан қаласының шарапаты Қазақстан халқы ғана емес, көршілес елдерге де тиіп келеді десем қателеспеймін. Мәселен, Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда бірнеше рет әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, тарихи маңызы зор шешімдер қабылданса, діни бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері жер бетіндегі бейбітшілік пен келісім туралы рухани мәселелерді жан-жақты талқылап, көптеген түйіткілдер оң шешімін тапқанын мақтанышпен айтқым келеді.
Осындай әлемдік деңгейдегі маңызды мәселелерге ұйытқы бола білген Нұр-Сұлтан қаласы көш ілгері елдердің өзі санасатын іскерлік орталыққа айнала білді. Әлемдегі ең жас астананың аз ғана уақыт ішінде осылайша абыройы артып, даңқы асқақтаған шахардың келешекте жер жүзіндегі алдыңғы қатарлы мегаполистермен иық тіресетін заманынан озық зәулім қала боларына кәміл сенемін.
Нұр-Сұлтан ТМД елдері бойынша өмір сүруге ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз. Сондықтан да Қазақстанымыздың жүрегі мәңгі соғып, бас қаламыз гүлдене берсін.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық финиалы төрағасының бірінші орынбасары

 

Қатысты жаңалықтар

🌙 ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 🚔

bastynews

КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ
СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ»

bastynews

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

bastynews

Жасанды интеллект және цифрландыру

bastynews

Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ КОСТЕЙ СКОТА СТОИМОСТЬЮ 9 МЛРД ТЕНГЕ

bastynews

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТКРЫЛСЯ ЗАВОД ПО ПРОИЗВОДСТВУ АЛЮМИНИЕВЫХ КОМПОЗИТНЫХ ПАНЕЛЕЙ

bastynews

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

Пікір қалдыру