Санатталмаған

ЕЛОРДА – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

Сарыарқаның сайын даласында Отанымыздың жаңа елордасы, өркендеу жолындағы Қазақстанның орталығы – Астана қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы бой түзеді. Жаңа елорда салу бастамасын алғаш Қазақстанның Тұңғыш Президенті көтергені баршағамызға мәлім.

Ол кезде, тоқсаныншы жылдар ортасында бұл идея жүзеге асатынына сенгендер қатары көп болмады.

Жаңа қала салу мен оған көшу көптеген онжылдықтарға созылады деп санағандар да болды. Бірақ, бұл қала салу ісі көпшілік ойлағандай болмады. Астана ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарыштап дамуының нышанына, миллион тұрғыны бар ірі шаһарға айналып шыға келді.

Қаланың бас сәулеткері шын мәнінде елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Оның идеясы мен ұсыныстарының арқасында Астана Батыс пен Шығыс мәдениеті мен дәстүрін тоғыстырған көз тартар бірегей келбетке ие болды.

Бас қаладағы көздің жауын алар әсем ғимараттардың басым көпшілігі бүгінде елорданың ең көрнекі орындары мен қаланың өзіндік рәміздеріне айналды.

Биыл елордамыз, әлем көз тіккен көрікті бас қаламыз 22-ші мәрте өз туған күнін тойлауда.

Бұл мереке ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 6 мамырындағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілуіне байланысты 10 маусымда аталып өтетін.

Ал 2008 жылдан бері мереке шілденің 6-сына ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланды.

Ендеше, Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі болған ЕЛОРДА күнімен баршаңызды құттықтаймын. Астанамыздың жұлдызы әрқашан жарық болсын!

 

Уәли Қыдыр,
«Ontustik» телеарнасының директоры, Шымкент қалалық Журналистер одағының төрағасы

 

Қатысты жаңалықтар

🌙 ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 🚔

bastynews

КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ
СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ»

bastynews

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

bastynews

Жасанды интеллект және цифрландыру

bastynews

Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ КОСТЕЙ СКОТА СТОИМОСТЬЮ 9 МЛРД ТЕНГЕ

bastynews

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТКРЫЛСЯ ЗАВОД ПО ПРОИЗВОДСТВУ АЛЮМИНИЕВЫХ КОМПОЗИТНЫХ ПАНЕЛЕЙ

bastynews

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

Пікір қалдыру