Санатталмаған

ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА – ЕЛБАСЫНЫҢ ОРАСАН ЕҢБЕГІ

Бүгінде көк аспан төрінде көк Туымыз желбіреп тұр. Бұл көрініс ерекше қуаныш сыйлап, бойыңа қуат, жаныңа жылу береді. Осылай еліміздің еңсесі тіктеліп, діңгегінің қатаюы Елбасымыз Н.Назарбаевтың жүргізген салиқалы саясатының арқасында дер едім. Кемел ойлы тұлға егемендігін енді ғана алып, тәй-тәй басқан мемлекеттің Тәуелсіздігін тұғырлы етті. Мәңгілік елге айналдырды. Бұл кезең сан ғасырлар бойғы бабалар арманы еді. Аталған арманның орындалуында Н.Әбішұлының еңбегі орасан. Сол себепті еркіндік бесігінде тербеліп өсіп жатқан бүгінгі буын Елбасының бұл еңбегін терең түсінуі керек.

Елбасы жайлы айтқан кезде еліміздің символына айналған Елордамызды сөз етпеу мүмкін емес. Екеуі құдды бір егіз ұғымдай. Яғни, Н.Назарбаев Сарыарқа төсінде ғимараты аспанмен таласқан, әлем алдында абыройы асқақтаған қала тұрғызды. Заманауи келбеті әлем жұртшылығын тәнті еткен Нұр-Сұлтанның дәл бүгін мерейлі мерекесі. Елорда күні құтты болсын! Құлашын кең жайған Қазақстанымыздың қанаты талмасын! Мемлекетіміз мәңгі, еліміздің еңсесі әрқашан биік болсын! Осы ретте Елбасымызға арнайы жылы лебіз жеткізгім келеді. Әрдайым денсаулығы мықты болып, ұзақ ғұмыр кешсін.

 

Асылбек ТОҚМАҒАНБЕТОВ,
Шымкент қаласы, ардагерлер кеңесі Қаратау аудандық филиалының төрағасы

 

Қатысты жаңалықтар

🌙 ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 🚔

bastynews

КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ
СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ»

bastynews

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

bastynews

Жасанды интеллект және цифрландыру

bastynews

Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ КОСТЕЙ СКОТА СТОИМОСТЬЮ 9 МЛРД ТЕНГЕ

bastynews

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТКРЫЛСЯ ЗАВОД ПО ПРОИЗВОДСТВУ АЛЮМИНИЕВЫХ КОМПОЗИТНЫХ ПАНЕЛЕЙ

bastynews

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

Пікір қалдыру