Санатталмаған

ЕЛОРДА – ЕЛІМІЗДІҢ БІРЛІГІ, ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЛІГІ

Сонау 1994 жылдың 6 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Кеңестің сессиясында мемлекет астанасын Арқа төсіне, атап айтқанда, Ақмола қаласына көшіру туралы ұсынысын ортаға сал­­ды. Бұл ұсыныстың тарихи шешім болатынын дәл сол кез­де көпшілік тереңінен ұғына қой­мағаны сөзсіз.

Дегенмен, Елбасының көрегендігі мен
табандылығы ел мүддесімен үндесіп жатқанын түйсінгендер қатары көп кешікпей көбейе берді. Сөйтіп 1997 жылдың 10 желтоқсаны күні ақ түйенің қарны жарылғандай оқиғаға куә болдық. Сол кездегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдіктің келешегіне жасаған тарихи шешімі, яғни, мемлекеттің астанасын көшіру туралы бастамасы дәл осы күннен бастап ресми жағдайда жүзеге аса бастады.

Сарыарқаның сарышұнақ аязы буып тұрған сәтте Мемлекеттік ту, Елтаңба эталондары, Президент штандарты жаңа астанаға әкелінді. Нұрсұлтан Назарбаев осы бір тарихи сәттің үстінде елжіреп, толқып сөйледі. Осы сәттен бас­тап тәуелсіз Қазақстанның астанасы ресми түрде Ақмола қаласы болатынын жария етті.

Осылайша қала тұрғында­ры үшін ғана емес, барша қазақ­стан­дықтар үшін тарихтың жа­ңа беті ашылды. Ұлт рухын сіл­­кіндірген ұлы көш басталды.

Тағы бір айтарымыз, екі ғасырдың тоғысында орын алған қиындықтарға қарамастан мемлекеттің жаңа астанасын айқындаған Қазақстанға сол кезде бүкіл әлем қауымдастығы түрлі қөзқараспен қарағаны да жасырын емес. Бірақ жас мемлекеттің кемел келешегі, ұлттың баянды болашағы үшін осындай қадам жасауға бекінген Нұрсұлтан Назарбаев алған бағытынан айнымады. Тәуекелге бел буып, жаңа астананы, жас қаланы салуға кірісіп кетті.

Аллаға шүкір, кезінде біреуге жалған болған, біреуге арман болған Нұр-Сұлтан қаласы бүгінгі таңда халықаралық қауымдастық таныған, мойындаған қалаға айналды.

Елбасымыздың асқақ мақсаты орындалды. Астанамыз жыл өткен сайын сәулеті мен дәулеті өркендеп, барша қазақстандықтардың бас ордасына айналды.

Осылайша, Қазақстанның дамуына серпін берген жаңа елордамыздың авторына ризашылық сезіммен «Елорда – еліміздің бірлігі, Елбасының ерлігі» деп білемін.

Олай болса, еліміздің жүрегіне айналған елордамыздың мерейі әрқашан үстем бола бергей!

Әбілқасым Досболов,
Шымкент қаласының құрметті азаматы

 

 

Қатысты жаңалықтар

ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үйі қаланың әлеуметтік қажеттілігіне пайдалануға беріледі

bastynews

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты

bastynews

Қазақстанда құрылысты бақылау үшін бірыңғай портал енгізіледі

bastynews

Владимир Зеленский Путиннің атысты уақытша тоқтату шешіміне «манипуляция» деп баға берді

bastynews

Енді Яндекс.Такси тариф құнын негізсіз көтере алмайды

bastynews

Дождь и жара до 31 градуса ожидается в мегаполисах Казахстана во вторник

bastynews

«Кайрат» потерял потенциального вратаря сборной Казахстана. Он уедет в Испанию

bastynews

Токаев назвал главные задачи Ассамблеи народа Казахстана

bastynews

Берденовті атқан күдікті әкімдікке қарасты мекемеде жұмыс істеген

bastynews

Стамбұлда қуатты жер сілкінісі сезілді

bastynews

Пікір қалдыру