Санатталмаған

БАДАМ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚОС КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AzatMedia. Шымкент қаласындағы Бадам өзеніндегі қос көпір құрылысы жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қалаға қосылған тұрғын алабтарды аралап, халықпен кездесуінде айтылған мәселелер оң шешімін табуда. Атап айтсақ, Маятас, Тоғыс тұрғын алабтарындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін 2 көпірдің құрылысына жергілікті бюджеттен 310 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстар жүргізілуде.

Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектеп жанынан 300 орындық қосымша ғимарат, спорт алаңшасын салуға және осы мектепті күрделі жөндеуге 673 млн. теңге бюджеттен қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Одан бөлек, бюджеттен 555,2 млн. теңге бөлініп Маятас, Тоғыс, Елтай, Жыланбұзған тұрғын алаптарындағы 11 көшеде 21,4 шақырым асфальттау және 5 көшеде 5,8 шақырым аяқжол орнату жұмыстары да қарқынды түрде атқарылуда.

Сонымен қатар, 114,6 млн.теңге бюджет қаражаты есебінен Тоғыс тұрғын алабы, Мұнайбарлаушылар көшесінде орналасқан көпқабатты 24 тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, Алматы мен Ташкент бағытындағы А-2 тасжолының бойындағы ескі көпір қазір бұзылып, орнына жаңасы салынуда. Бұл көпір негізінен Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізін байланыстыратын маңызды нысан саналады.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

🌙 ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 🚔

bastynews

КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ
СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ»

bastynews

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

bastynews

Жасанды интеллект және цифрландыру

bastynews

Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

bastynews

Алкоголизмнің алдын алу

bastynews

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ КОСТЕЙ СКОТА СТОИМОСТЬЮ 9 МЛРД ТЕНГЕ

bastynews

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТКРЫЛСЯ ЗАВОД ПО ПРОИЗВОДСТВУ АЛЮМИНИЕВЫХ КОМПОЗИТНЫХ ПАНЕЛЕЙ

bastynews

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

Пікір қалдыру