Жаңалықтар

ШАРДАРА АУДАНЫНДА 60 ПӘТЕРЛІ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу қарқынын егжей-тегжейлі бақылады. Сапар барысында аудан басшысы алдымен Шардара қаласының №50 көшесінде салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты. Бұл тұрғын үй 60 пәтерден тұрады және қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне ерекше көңіл бөлінуде.

Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне барлық міндеттемелерді белгіленген мерзімде және сапалы орындау туралы нақты тапсырмалар берді. Құрылыстың барлық кезеңдерінде қауіпсіздік стандарттары мен техникалық талаптар қатаң сақталуы тиіс екені баса айтылды. Жоспар бойынша, тұрғын үй кешені 2026 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі, ал жаңа пәтерлерге қоныстанатын тұрғындардың жағдайы мен қажеттіліктері алдын ала қарастырылған.

Сонымен қатар, Арман Қарсыбаев сапар барысында Ж.Қолдасов көшесіндегі 1 қабатты, 2 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысымен де танысты. Аудан әкімі жауапты мамандарға нысан сапасын жақсарту, құрылыс материалдарының сапасын қадағалау және кестеге сәйкес жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берді. Осы шаралардың барлығы тұрғындардың сапалы және қауіпсіз баспанамен қамтамасыз етілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ, аудан басшысы Ө.Түгелбаев көшесіндегі өндірістік парк аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын көріп, кәсіпкерлерге арналған инфрақұрылымның дайын болуын қадағалады. Қазіргі таңда өндірістік паркке аудан кәсіпкерлері ерекше қызығушылық танытып, өз жобаларын жүзеге асыруға ниет білдіруде. Бұл жоба жергілікті экономика мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға маңызды серпін береді. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасын басты назарда ұстап, барлық нысандардың техникалық талаптарға сай болуын қатаң бақылауды тапсырды.

Арман Романұлы сапар барысында мердігер мекемелерге құрылыс кестесін қатаң сақтау, қауіпсіздік техникасын сақтау, нысандардың сыртқы және ішкі инфрақұрылымын толық қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдалануға берілетін пәтерлерді заманауи стандарттармен жабдықтау қажеттілігін ескертті. Сонымен қатар, тұрғын үй кешендерінің айналасы абаттандырылып, балалар алаңдары, көгалдандыру жұмыстары мен автотұрақтар сияқты қосымша инфрақұрылымдық нысандар толық дайын болуға тиіс.

Бұл сапар аудан әкімінің тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән беретінін көрсетіп отыр. Жоспарланған нысандар пайдалануға берілгеннен кейін Шардара қаласының тұрғындары жаңа, қауіпсіз және заманауи жайлы баспанамен қамтамасыз етіліп қана қоймай, аудан экономикасына да серпін беретін маңызды жобалардың іске асырылғанын көретін болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «СЕРПІНГЕ» СЕРПІЛІС КЕРЕК

Bastynews

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

bastynews

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

bastynews